Басты бет Бағдарламалар Роликтер Жаңалықтар Мақалалар Галерея Телехикаялар Біз туралы

КҮЙЕУІМ АШУЛАНЫП КЕЛСЕ, НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК?

Иман

Күйеуінің разылығын алуды көздеген кез келген әйел даналық жасап, ерінің ашуының алдын ала білуі немесе оны айналып өтудің жолдарын меңгеруі тиіс. «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?»  деп Бұхар жырау айтқандай, егер ретін тауып, қиюын келістіре алса, жұбайының бір ауыз сөзі мен жылы қабағына, жасаған дәмді тағамына  алданбай қалатын «сірескен» еркек болмайды. Ол үшін:

1.     Егер күйеуіңіз үйге ашуланып кірсе, оны күліп,  қуанып келсе, керісінше қайғырып  қарсы алмаңыз. Ол қуанса, бірге қуанып, ол мұңайса, бірге мұңаю – әйелдің оған бәрінен артық жанашырлық танытатын жақын адам екенін аңғартады.

2.     Көңіл күйі жоқ еркектің ойын бөлудің ең ұтымды тәсілдерінің бірі – «Әкеңе амандас» деп балаларыңызды оның алдынан жүгіртіп шығару. Әкесіне таласып жамырай жүгірген құлыншақтарын көрген,  сәбиінің жұпар аңқыған балғын иісі мұрнына барған кез келген еркектің әкелік мейірімі оянып, жібіп сала беретіні анық.

3.     Күйеуіңіздің алдында үнемі әдемі киініңіз. Біз көбінесе сыртқы ортада, бөтен адамдардың алдында әдемі киінеміз. Бір жаққа шығу үшін айнаға он рет қарап, киіміміздің қисайған жерін түзейміз. Үтіктейміз. Себебі, өзге адамдардың кемшілігімізді көріп, бізге деген құрметі, сыйластығы үзілгенін қаламаймыз.  Олардан  ұяламыз. Ал үйде ше? Үйде үйдің киімімен де жүре беруге болады. Себебі, «өзіміз ғой», «ол маған бөтен емес қой», «менің кемшіліктерімді онсыз да біледі ғой» деген ұғым қалыптасқан.  Жоқ! Керісінше, әйел адам да, ер адам да, ең алдымен өз үйінде әдемі киініп өзара бір-біріне деген  құрмет, сыйластықтарын арттырып отыруы керек. Басқаша айтқанда, кемшілігіңізді ең көп білетін адамға (жарыңызға) кемшілігіңізді көрсетпеңіз.

4.     Оған сүлгі беріп, душ қабылдауын ұсыныңыз. Себебі, суға түсу адамның сәл де болса миын сергітіп, ойын өзге нәрселерге бөлуіне жағдай жасайды.

5.     Хош иісті әтір себінуді үмытпаңыз. Себебі, ілгері буынның ізгі ғалымдары  әйелдің күйеуі үшін әтірленуі  еркекті сиқырлап алатынын айтқан.
Тіпті, хош иістену сиқырлаудың рұқсат етілген жалғыз түрі деп те айтылады.

6.     Тамағыңыздың дәмді болуына, тіпті, салынатын ыдысының да әдемі болуына  мән беріңіз. Дайын асты дастарханға көз тартарлықтай әдемі қылып әкелудің өзі – үлкен өнер. Ол дәмді болуымен қоса ер адамның тәбетін шақыратындай келісті болуы керек.

7.     Басына массаж жасап беріңіз. Күні бойы жұмыс істеп, денесі құрысқан, басы мең-зең болып шаршаған кез келген еркектің бұл әдістен қашпайтыны, керісінше балаша мәз болып, қуанатыны анық.

Құрметті жеңге, әпке! Бір әулеттің түтінін түтетіп отырған жас келін! Біз –Алланың разылығын күні бойы жанымызда жүретін өмірлік серігіміздің разылығы арқылы іздеген нәзік жандылармыз. Хадисте келгендей, төрт нәрсені жасаған әйел Жәннаттың қалаған есігінен кіреді. Соның бірі – күйеуінің алғысына бөленіп, разылығын табу. Сондықтан күйеуіңіздің үнемі  көтеріңкі көңіл күйде жадырап жүруіне, жүрегі де, миы да тыныш болуына жағдай жасаңыз. Бұл әдістер – біз ойлап тапқан жаңалық емес, Құран мен сүннеттен алынған сауапты амалдар. Біздің міндет – тек осы білімге іс жүзінде амал жасап, сауапқа кенелу. Шын ниетпен жасалған ісіңіздің құлшылық болып жазылатынын да естіңізден шығармаңыз!

Ең бастысы, мынаны білгеніңіз жөн. Отбасындағы тыныштық, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сезімнің суымай сақталып тұруы – ең алдымен, Алланың мейірімімен болады. Себебі, Алла – жүректерді қалаған жағына қарай бұрып қоюшы. Ендеше, Алладан ғана жәрдем сұрап, Оған ғана арқа сүйеңіз...

ПІКІР (19)

ГауҺар

Өте тамаша айтылған кеңес .Алла разы болсын!

Толқын

Әйел ерін сыйлаған болса Алла Тағала әйелге лайық дәрежеде ерінен сый көруін нәсіп етет. Сый көрсетуден жалықпайық!!!

Нұрқанат

Машаллах оте жаксы айтылган

молдир

куйеуим ашуланып келсе унеми осылай жасаймын аллага шукир алемдеги жалгыз тусинетин жалгыз озинизсиз деп ашуланганына ози уялып калады. негизи еркек асыраушы болган сон сыртта неше турли жагдай болады, тусинистикпен карау керек.

Iik

Сәлеметсіз бе! Ал егер де әйел адам кешке дейін жұмыста болса, ал ері үйде жиірек болса қандай да бір ақылдарыңыз бар ма! Ертерек келіп әдемі ас әзірлеп қояйн десем үлгермей қалам (((әдемі келпетімнің орнына шаршаған әйелді көреді

DcuPD
2021-04-25 13:10:34

Pills prescribing information. Effects of Drug Abuse. where buy pregabalin online in Canada Actual about pills. Get information here.

Janicestock
2021-04-30 12:09:58

cialis vs. viagra cialis dosages how much is cialis per pill

Tiffanytrova
2021-05-04 04:56:11

levitra vs cialis side effects of cialis free trial cialis

StellaPrirm
2021-05-05 22:27:53

how to write a pros and cons essay best way to write an essay how to write simple essay in english

RebeccaUnevy
2021-05-07 04:43:50

best essay wri8ting service website that writes essays for you custom argumentative essay writing service

FrancesKic
2021-05-07 13:24:59

sildenafil citrate 20 mg viagra canadian pharmacy ezzz viagra no prescription

Martinazex
2021-05-08 02:34:32

cheap viagra https://mysildenafilkr.com/ viagra alternative

WrgQC
2021-05-12 14:48:23

margins for resume resume services online parts of a resume

KathrynArcah
2021-05-12 20:45:08

difference between cialis and viagra tadalafil dapoxetine cialis dosage reddit

DbfWM
2021-05-13 09:31:19

summary resume resume writing help cover letter engineering

MtfWK
2021-05-14 08:46:24

sildenafil online canada viagra sildenafil viagra for womens where to buy

RmwJU
2021-05-16 04:34:53

cialis super active cialis 5mg cialis copay card

QxgLO
2021-05-16 07:05:34

roman sildenafil viagra 100mg viagra triangle chicago

HdfEH
2021-05-17 07:22:08

cialis sublingual cialis 5 mg cialis coupon cvs

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ғибратты бейнероликтер